Мына автобустың жүргізушісі белгіленбеген жерде тоқтап, қатынап жүрген өзге көліктерге кедергі жасап, жолдың қақ ортасында тұрып алған. Апатты жағдай тудырғанын елемеген жүргізушінің мақсаты – көбірек адам жинау, ал жолаушылардың қауіпсіздігінде мүлдем жұмысы жоқ. Рейд барысында бұндай келеңсіздіктер аз болған жоқ. Қоғамдық көліктің рөліндегілер бағыт бойында орташа есеппен 3-5 –ке дейін жол ережесін бұзады екен. Қателіктерін мойындаудан бас тартқандарға бейнекамералар түсірген таспа көрсетіліп, хаттама толтырылады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жиілеп, жауапкершілік артқанымен, тәртіпке бағынбайтын жүргізушілердің қатары азаяр емес.
Чингиз Курбанов, СҚО ІІД ЖПБ бас маманы:
– Өткізілген рейдтік шаралардың 4 күні ішінде жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын 128 көлік тексеріліп, жолда жүру ережесін бұзудың 39 фактісі анықталды.
Бұндай фактілердің жолын кесуге бағытталған алдын алу шарасы апта сайын ұйымдастырылатын болады.
Жеңіс Ермұқанов