Спорт

Көрме тақырыбы – салауаттылық

 

 

 

Көрменің басты тақырыбы  – салауатты өмір салты, жағымсыз әдеттерден аулақ, дені сау ұлт. Бұл шараның бастамашысы да  «Ұлт денсаулығы» әлеуметтік бағдарламасын қолдаушы СҚО зерттеу және аурудың алдын алу орталығы.

  Арина Кенжетаева, әлеуметтік бағдарлама менеджері:
 -Балалар біздің болашағымыз. Сондықтан біз олардың салауатты өмір салтын қалай түсінетінін білгіміз келді. Олар суреттерін салып бізге әкелді.  

Түрлі түстермен құбылған суреттердің авторлары – қазақ мектеп гимназиясы  жанындағы «Балдырған» және  №40 орта мектептің «Жас батыр» аулалық клубтарының тәрбиеленушілері. Стендке барлығы 40 шақты туынды ілініпті. Көрменің бір ерекшелігі – балалардың еңбектерін саябақта демалушылар бағалады. Кішкентай қазылар өздеріне ұнаған суретке стикер жапсырып, дауыс берді.  Кішкентай суретшілердің қолынан шыққан туындыларға  жас әскерилер де  өз пікірлерін білдірді.

 Нияз Әбділманов:
 – Мен мына баланың салған суретіне тәнті болдым.  Негізі өзім қазіргі жастарға риза болам. Осындай плакаттар салып, насихат жүргізетіндеріне.
  Жасұлан Қарсақов:
-Бұл суретке дауыс берген себебім темекі, наркотикке тыйым салынған.

Балалардың еңбегіне сүйсінген демалушылардың дауыстары бойынша жеңімпаздар анықталды.  Кішкентай Таня өзінің алғашқы жеңісіне дән риза.

  Татьяна Шишкина,  3-ші орынның иегері:
-Мен үшінші орын алғаныма қуаныштымын. Енді тек беске оқитын боламын.

 
 Кәусар Аяпбергенқызы