Қаржыгерлер арасындағы жазғы спартакиада

Спорт

2:53 24 Тамыз 2010

Осыдан 15 жыл бұрын өңіріміздің қаржы институттары банкияда деп аталып кеткен алғашқы стартакиаданы өткізді. Дәстүрлі жарыс жылдың төрт мезгілі бойы жалғасады. Күзде волейбол, қыста  – шаңғы, көктемде шағын футболдан шеберлік байқасады. Ал жазда әдеттегідей жеңіл атлетикадан жарысқа түсті.

 Жомарт Қажырахымов, ҚР ұлттық банкі СҚОФ директоры:
 – Президентіміз өз Жолдауында халқымыздың спортпен айналысуын 30% жеткізу керек деген. Облысымыздың көрсеткіші 30% болса, банк жүйесі 30%-дан асып кеттік. Біздің мақсатымыз осы көрсеткішті 50%-ға  жеткізу. Жалғыз қызметкерлер емес, банк басшылары да өзара жарыстар өткіземіз. Біз ,әрине, осындай көрсеткішке жетпес едік, егер де банк басшылары жақсы үлгі көрсетпесе.

Соңғы уақытта жарысқа түсушілерінің қатары екінші деңгейлі банктерде қызмет ететін қыздармен толығуда. Санына сапасы сай. «Центр Кредит» банкінің менеджері Инна Курилла 60 метрлік спринтерлік қашықтықта алдына жан салмады. 400 метрлік жүгіру алаңындадағы мықты қарсыластарын  да шаң қаптырып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Эстафетада да жеке-дара келді. Сондай-ақ желаяқ ұзындыққа секіруден де ерекшеленді. Инна қарғыған 2 м. 24 см-ден басқалары асып түсе алмады.

 Инна Курилла, “Банк Центр Кредит” СҚОФ менеджері:
 -Біздің қызметіміз қимылды аз қажет етеді. Сондықтан бұның орнын толтырып денеңді сергіту үшін спорт бізге аса қажет. Уақыт тауып, екеуін де ажыратпай қатар алуға тырысамыз. Менің кредом тек қана алға, тек қана жеңіс. Бұл орайда спорттың көмегі зор.

Ерлер үшін нәзік жандар жүгіріп өткен қашықтықтар екі есеге ұлғайтылды. Ұзындыққа да орнынан тұрып емес, жүгіру арқылы секірді. Сондай-ақ ерлер гір көтеріп, білек күштерін сынады. Ол үшін әр сайыскерге 16 келілік темір снарядты 5 минут бойы серпе бастан асыру керек болды. Жалпы жарысқа  Ұлттық банк филиалынан бастап  барлық екінші деңгейлі банктері, “Қаз пошта” АҚ спорт сүйерлері  жиылды. Барлығы 17 құрамадан 300-ге тарта сайыскер спорттың 6 түрінен шеберлік байқасты.

 Ерлан Қожабергенов,  “Казкоммерцбанк” СҚОФ директоры:
 -Жарыс екі мақсатты көздейді. Біріншіден, салауатты өмір салтын уағыздау, екіншіден, банк қызметкерлері арасындағы өзара көмекшілік, командалық жұмысқа тәрбиелеу. Әр қызметкердің  денсаулығы мықты болса, жұмысқа да ынтасы күшейеді. Сондықтан бұл практиканы әрі қарай да жалғастырамыз.

Жарыс қорытындысы бойынша жекелей сында суырылып алға шыққан үздік қаржыгерлер марапатқа ие болды. Жалпыкомандалық есепте бас жүлде «Банк Центр Кредиттің» әуесқой спортшыларына бұйырды. Жеңіс тұғырының екінші сатысына «Каспий банкінің» құрамасы көтерілсе, «Ресей Жинақ  банкінің» қызметкерлері үшінші орынға тұрақтады.  Дәстүр бойынша жеңіп алынған құнды сыйлықтар жетім және мүгедек балалар үйіне тарту етілді.

Бұдан әрі оқыңыз

“Qulager” құрамасы “Астана”-ны 8:0 есебімен ұтты
Жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан республикалық турнир өтіп жатыр
Өңір спортшылары әлем чемпионатынан жүлдемен оралды
Петропавлда қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионаты өтті
Шайбалы хоккейден облыс біріншілігі бастау алды
Хоккейшілеріміз сенімді ақтамауда
Өңір зілтеміршілері халықаралық турнирден олжалы оралды
Али Алиев маусымның үздік жаттықтырушысы деп танылды
“Qulager” ХК өз алаңында “Алматы” құрамасын қабылдады
Шаһарда бокстан республикалық турнир бастау алды
Конькимен жүгіруші Роман Креч үздіктер қатарынан көрінді
“Құлагер” ХК теміртаулықтармен кездесті