Құқық қорғау органдары

Отбасының тыныштығын бұзғандар жауапқа тартылады

 

 

 

Жедел басқару орталығына отбасы мүшелерінің арасында туындайтын қақтығыстарға қатысты шақырулар жиі түсіп тұрады. Әдетте мұндай жанжалдар  ішімдіктен басталады.  Жаңа енгізілген әкімшілік шара отбасындағы қылмыс мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Оқиға орнына келген инспектор жанжал шығарушыға 10 күндік қорғау нұсқамасын толтырады. Осы уақыт ішінде  айыпты тұлғаға бірқатар шектеулер қойылады. Учаскелік полиция инспекторлары құжатта көрсетілген талаптардың орындалуын өзі қадағалап отырады. Қорғау нұсқамасындағы шектеулер бұзылған жағдайда айыппұл салынады. Ал құқықбұзушылық қайталанса, жанжалқұмар әкімшілік заңнамаға сәйкес қамауға алынуы мүмкін.

  Вадим Яценко, СҚО ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкері:
-Әкімшілік шараның бұл түрі тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушіні өз еркіне қарсы іздеуге, сөйлесуге, қол көтеруге тыйым салады.

Бүгінгі күнге дейін учаскелік полиция инспекторлары жанжал шығарған 317 тұлғаға қорғау нұсқамасын толтырды, прокурордың санкциясымен олардың 11-інің нұсқамасы 1 айға дейін ұзартылды. Жалпы отбасының шырқын бұзушылардың дені тұрмысы төмен және ішімдікке салынған тұлғалар, олардың арасында әйелдер де жоқ емес.  Шаңырақтарын ойран ететін жандардың қолын байлайтын Қорғау нұсқамасы уақыт өткен сайын өзінің маңыздылығын көрсетуде.

 

Кәусар Аяпбергенқызы