Әр түрлі

Облыста су қоймаларына шабақтар жіберіліп жатыр

  
 

 

 

Аумағы 55 гектар Соленое көліне балықтар осымен бірнеше жыл қатарынан жіберілуде. Өйткені су қоймасы шабақтардың қоректеніп, алаңсыз жүзуіне ең қолайлы орта. Дернәсілдерді азық ететін өзге ірі балықтар да жоқ. Әйтпесе, табысқа салынған ақша далаға кетеді.

 Сергей Чекунов, көлді жалға алушы:

– Әдістемелерді оқып, көл суының сараптамасын алдық. Азық қоры жеткілікті. Біз жіберетін балықтардан өзге жәндік   жоқ мұнда. Дернәсілдің өмір сүру қабілеті жоғары.

  
Тұзды көл балықты өсіруге ғана пайдаланылады. Ал шабақтар салмақ қосқан соң  өзге су қоймасына көшіріледі.

 Николай Трошихин, СҚО бойынша балық инспекциясы бөлімінің бас маманы:
-Балық жіберу, оны аулап, басқа көлдерге ауыстыру жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Яғни жалға алушылар бұл істің табысты екенін біледі. Сондықтан  үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Бір шөлмектің ішіне шамамен бірнеше келі шабақ сияды. Барлығы Тұзды көлге оның 30 данасы жеткізілді. Әр шабақ бүгінге дейін 100 граммдай  салмақ жинаған.

 Григорий Петрушевский, СҚО бойынша балық инспекциясы бөлімінің бас маманы:

– Мына көл шындығында да балық өсіруге өте қолайлы. Шабақтар тез жетіледі. Бұл өз кезегінде олардың басқа су қоймасында қыстан аман шығуына кепіл болмақ.

Көлдегі бар балықты аулап алу үшін шамамен 2-3 күн қажет. Бастапқыда көлге 3 млн-нан астам итбалық жіберілгенімен, бүгінге дейін олардың саны айтарлықтай азайып,  20 пайызы ғана аман қалған. Ал 1 млн дернәсілді жалға алушылар 150 мың теңгеге сатып алады. Ауланған тұқының ендігі мекені Үлкен Торанғұл көлі болмақ. Бұл – өңірдегі ең ірі су қоймасының бірі. Шабақтар тиісті 2-5 келі салмақ жинағанша тағы 2 жылдай қажет. Майлы тұқы содан кейін ғана дүкен сөрелеріне шығарылады. Бүгінде балықтың бұл түрі қызылжарлықтардың үлкен сұранысына ие. Тұқының келісі 450 теңгеден саудаланады. Биыл балық облыстағы ондаған көлге жіберілді. Өйткені аязды қыс пен қуаң жазға шыдас берген су жануарлары аз.

 Вячеслав Смирнов,  балық өсіру және балықшылықты дамыту жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы:
-Биыл көптеген жалға алушылар шетінен шығынға батты. Өйткені былтыр балық алуға кеткен қаражаттың орны толған жоқ. Ауа райына байланысты балықтар қырылып қалды. Сондықтан, бұл істі қайта бастау оңайға соқпайды.

Қазіргі таңда 137 жалға алушы облыстағы 275 көлге иелік етіп отыр. Өңірде тағы мың жарымға тарта пайдаланылмай жатқан шағын көлдер бар.

 

Гүлмира Шоқтыбаева