Жол картасы

№ 31 мектеп «Жол картасы» бойынша жөнделді

 

 

 

 

№ 31 мектеп келесі жылы жетпіс бес жылдығын атап өтеді. Білім ордасында соңғы рет күрделі жөндеу отыз жыл бұрын жүргізілген екен. “Жол картасы” бойынша биыл тоқсан төрт терезе мен бүкіл жылыту жүйесі ауыстырылды. Бұл мақсатқа 16 млн. теңге бағытталған.

Ирина Климова, №31 орталау мектебінің директоры:
-11 млн. теңге терезелерді ауыстыруға, 5 млн жаңа жылу жүйесін қоюға бағытталды. Бас мердігер бар жұмысты уақытында – тамыздың он бесінде аяқтады. Барлығы сапалы жасалған.  

Мектеп ішінде қазіргі күні де жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Барлық сыныптардың линолеумы жаңартылуда. Бұл мақсатқа қаражат қалалық қазынадан бөлініпті. Фойе мен дәмханадағы жөндеу де жуық арада аяқталмақ.

  Марина Фоменко, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі:
-Терезелер ескі болатын. Жел соғып, сыныптар суып кететін.
Енді биыл мектебіміз жылы, жарық болады деген сенімдеміз.  

Сондай-ақ биыл сыныптар жаңа парталармен жабдықталыпты. Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп аумағы да абаттандырылып, тәртіпке келтірілуде. Тоғыз жылдық білім ошағы қыркүйектің бірінде 320 оқушыны жаңарған кейіпте қарсы алмақ.

 

Айымгүл Әбілева