ТЖ

Бензострой кентінде бір аптада екі өрт оқиғасы тіркелді


 

«Біз осылай боларын білгенбіз, олар әрдайым арақ ішіп,мас болады, от жағады», –  дейді көше тұрғындары. Темір- терсек жинап күн көретін көршілерінің қылығына бұл көше тұрғындары әбден наразы . Себебі 141-ші үйдің иелері алюминий сымдарын  тазартып алу үшін оның сыртқы орамсын  үнемі күйдіреді екен. Өрттің шығуына  осы себеп болды деп шамалауда өрт сөндірушілер де.

  Данияр Әлімкин, №1 өрт сөндіру бөлімінің ауысым басшысы:
 -14 сағат 30 минутта хабар келіп түсті. Өрт басына 5 өрт сөндіру бөлімінің 2 жүрісі келді. Екі үй толық  жанып жатты. Келген бетте көрші үйлерге таралу қаупін жойдық

101 телефонына қоңырау түсе салысымен оқиға орнына жеткен 6 техника мен 17 маман тілсіз жауды тез арада ауыздықтады. Желдің кесірінен жолдың арғы бетіндегі үйге түскен жалын дер кезінде сөндіріліп, 4 пәтерлі барақ аман қалды. Ал Волочаев көшесіндегі 139 үй жартылай жанып кетті.

  Айгүл Әбділманова, ТЖД ақпараттық талдау жұмысы бөлімінің бас маманы:
-СҚО ТЖД авариялық құтқару күштері екі күн ішінде 3 рет Бензострой ауданына шықты. Жеке үйлерде шыққан өртке байланысты. Біздің мемлекеттік өрт бақылау басқармасы тұрғындарды тағы ескертеді, үйдің қасында өрт қауіпсіздігі  шараларын қатаң сақтау қажет.

От шарпыған жердің жалпы аумағы 200 шаршы метрді құрайды. Өрттің нақты себептері әлі анықталуда. Жалпы тамыздың басынан бері облыста 26 өрт оқиғасы тіркелді, оның 7-уі қала ішінде. Арты өкінішке ұласатын жағдайлардың басты себепкерлері көп жағдайда отқа салғырттықпен қарайтын тұрғындар.

Кәусар Аяпбергенқызы