Құқық қорғау органдары

Бұзақылар жаңа қоршауды қиратып кеткен

 
 

 

50-ге жуық үйдің сәнін келтіріп тұрған бұл қоршауды тұрғызуға 1,5 млн теңгедей қаржы жұмсалды. Алайда әдемі қоршау белгісіз бұзықтардың кесірінен тұрғындарды ұзақ сүйсіндіре алмады. Енді «Коммунхоз» кәсіпорнының жұмысшылары  оларды қалпына келтіріп жатыр. Қоршауды тұрғызуға жұмысшы күші мен уақыт аз жұмсалған жоқ. Дайын болды-ау дегенде жұмысымыздың зая кеткенін көру  қиын екен деп күрсінеді құрылысшылар.

  Владимир Дыбов,  “Коммунхоз” кәсіпорнының қызметкері:
-Бұл біздің еңбегіміз. Қаламыз жыл өткен сайын көркейіп келеді. Ал кейбір тәртіпсіздер сұлулықтың қадірін білмейді.

Қоршау үш бөліктен тұрады. Бір секцияның құрылысына шамамен 1 сағаттай уақыт кетеді. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жедел басқару орталығында бақылау бейнекамераларына жазылған көріністер қаралып жатыр.

Александр Михайлов, Петропавл қалалық ІІБ бастығының орынбасары:
Бұл жерде бақылау камералары орнатылған. Бірақ нәтижелер жайында әлі айта алмаймыз. Себебі бұл тергеу жұмыстары. Қылмысқа қатыстыларды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.

Қоршаудың  бір секциясы 3 мың теңге тұрады. Қазір келтірген шығынның жалпы құны есептеліп жатыр.

 Кәусар Аяпбергенқызы