Қоғам

Ата заң және әскери қызмет

 

 

Еліміздің Ата заңы –   мемлекетіміздің бағыт – бағдарын айқындайтын басты құжат. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Конституция баптарының бұлжытпай орындалуын қадағалайтын әскерилер Ата заң қабылданғалы он бес жылда еліміздің жеткен жетістіктері мен мемлекетіміздегі өзгерістерді кезекті рет саралады.

Самал Есімсейітова,  6637 әскери бөлімі тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар  бөлімшесі бастығының аға көмекшісі:
-ҚР Конституциясын қорғау, сақтау – әрбір азаматтың парызы. ҚР Ішкі әскерлерінде заңның баптары толығымен сақталады. Ішкі әскердің ең басты бағыты – қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, әрбір азаматтың құқығын қорғау болып табылады.
Бұл басты борышымыз.

Ал әскери қызметшілердің конституциялық құқықтарын әскери прокурорлар қорғайды. Өткен жылы қылмысты жасырудың үш фактісі анықталған. Кінәлі адамдар жауапқа  тартылыпты.

Дінбаян Мұханбетқали,  Петропавл гарнизонының әскери прокуроры:
ҚР Конституциясының 80бабына сәйкес прокуратура Ата заңның дәл және бұлжытпай орындалуын қадағалауды ұйымдастырады. Биыл әскери прокуратура 20 әскери қызметкердің конституциялық құқығын қорғады. Бұл жағдайлар жалақы төлемеу және басқа да жәрдемақы алумен байланысты болды.

Ата Заң – алдағы уақытта да біздің демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет құру жолындағы басты бағдарымыз болып қала бермек.

Айымгүл Әбілева