Денсаулық сақтау

Полиомиелиттен сақтануға болады

 

 

 

 Қазақстанда полиомиелит- жұлынның қабынуы –  соңғы рет 1995 жылы тіркелген. Бірақ биыл көрші елдерде полиомиелиттің бас көтергені байқалады. Мәселен, Тәжікстанда 564 өткір сал ауруы тіркеліп, 183 жағдайда полиомиелит диагнозы расталған. 19 адам осы аурудан қайтыс болған. Көрші Ресейде 7 адамның полиомиелит жұқтырғаны анықталды. Қазақстан жаппай вакцинацияны кыркүйекте бастамақ.

  Фарида Мұхаметжанова ,  СҚО бойынша СЭҚД бөлім бастығы:

-Ауруды жұқтырған әр 200-ші  бала сал болып қалуы мүмкін. Ал егер аса маңызды  орга – жүйке зақымданса, көз жұмады. Сондықтан  вакцинация жасау акциясының маңызын түсіну керек.  

Семинарда санитар мамандар мен балалар дәрігерлері иммунизацияға дайындық, вакцина берілетін сәбилер тізімін анықтау, полиомиелитке тексеру жолдарын нақтылады. Вакцина алты жасқа дейінгі балаларға беріледі. Сондықтан ата-аналарға дұрыс, сапалы ақпарат жеткізуді қадағалау керек.

Евгений Пузиков,  СҚО боынша СЭҚД директорының міндетін атқарушы:

-Акция барысында ана-аналармен жұмыс жүргізілуі тиіс. Біздің міндетіміз – оларға вакцинацияның тиімділігін түсіндіру.

Келесі аптада облысқа вакцина жеткізіледі. Дәрігерлер 49,5 мың баланың аузына сұйық вакцина тамызбақшы.

  Людмила Лис, № 1 қалалық балалар емханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Вакцина Бельгиядан жеткізілген. 2 тамшы баланың аузына тамызылады. Вакцинадан кейін аллергия, дене қызуының көтерілуі өте сирек кездеседі.

Жұлынның қабынуы қарапайым тұрмыстық жағдайда қол алысу, ауа арқылы тарайды. Бүгіндері миграциялық қозғалыс, әсіресе , Тәжікстан аумағынан келетін адамдар қатаң бақылауға алынған.
 

Әсем Сембина