Неміс боксшыларының капитанымен кездесу

Спорт

14:39 18 Тамыз 2010

 
Константин Буга – Ақмола облысының тумасы. Жастайынан боксқа ден қойған жерлесіміз талай рет Қазақстан біріншіліктерінде жүлделі орындарды еншілеген. Кейін шет елдерде шеберлігін шыңдаған Константин Буга 2002 жылы Германияға көшіп кеткен болатын. Қазір Константин Германия құрамасының капитаны.

  Константин Буга, Германияның ұлттық бокс құрамасының капитаны:
– Германия мен Қазақстандағы бокс мектептерінде айтарлықтай айырмашылық бар. Мәселен, Германияда бокспен көбіне көшіп келген жастар айналысады. Немістердің өздері бұл спорттың түріне аса ынталы емес. Ал Қазақстанда бокс жоғары қарқынмен дамыған.

Константин Буга солтүстікқазақстандық жас қолғап шеберлерімен кездесіп, тәжірибесімен бөлісті. Германиялық боксшы  әріптестеріне  үлкен жарыстарда жеңіс тіледі. Күзде Қостанай қаласында ҚР Бокс Федерациясының кубогы өтпек. Қазір біздің спортшылар жауапты сайысқа дайындық үстінде. Бапкерлер Рауан Смағұл, Әнуар Байжанов, Герман Окунев сияқты қолғап шеберлеріне зор үміт артып отыр.

  Руслан Есеналин, СҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары:
– Бүгінгі күні өңірімізде спорт, оның ішінде бокс қарқынмен дамып келеді. Біздің боксшы Дариға Шәкімова ел құрамасына кіріп, қазір Қытайда өтетін Азия ойындарына қызу дайындалып жатыр. Бүгін біз Германиялық қолғап шеберін облысымыздағы бокс жағдайымен таныстырдық.


Жасын Біркенов
 

Бұдан әрі оқыңыз

“Qulager” ХК өз алаңында “Алматы” құрамасын қабылдады
“Құлагер” ХК теміртаулықтармен кездесті
Өңір спортшылары әлем чемпионатынан жүлдемен оралды
“Qulager” құрамасы “Астана”-ны 8:0 есебімен ұтты
Өңір зілтеміршілері халықаралық турнирден олжалы оралды
Шаһарда бокстан республикалық турнир бастау алды
Конькимен жүгіруші Роман Креч үздіктер қатарынан көрінді
Али Алиев маусымның үздік жаттықтырушысы деп танылды
Хоккейшілеріміз сенімді ақтамауда
Петропавлда қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионаты өтті
Шайбалы хоккейден облыс біріншілігі бастау алды
Жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан республикалық турнир өтіп жатыр