ТЖ

Монша өртеніп кетті

 

 

 Юлия Синякова:
ен үйде отырғанмын. Кенет жарылғыш заттардың дыбысын естігендей болдым. Ойнап жүрген балалар шығар деп далаға шықсам. көршімнің моншасы күйіп жатыр екен. Ол білмейтін шығар деп сол үйге қарай асықтым. Ол да көріп жүгіріп келе жатыр екен.

Өрт қызметінің кезекшілеріне дабыл 16 сағат 17 минутта соғылды. Көп ұзамай Батыр Баян  көшесі, 146-2 мекенжайы бойынша оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті.

   Орал Жолмұқанов, өрт сөндіру кезекші қызметі жетекшісінің аға көмекшісі:
-Қоңырау түсе салысымен бесінші өрт сөндіру бөлімі келіп жетті. Келгенде шаруашылық құрылыстарды сөндіре бастадық. Зардап шеккендер жоқ.

 Үй ауласындағы монша толығымен жанып кетті. Өрттің шығу себептері әлі анықталып жатыр. Алдын ала жасалған болжамдарға сәйкес өрт электр сымдарының тұйықталуынан  болуы мүмкін. Алайда өрт сөндірушілер оттың шығуына 6 жасар бала кіналі дегенді айтады. Анасы үйде болғанда, ол аулада ойнап жүрген болатын. Өрт шыққан кезде бала қатты шошып кетіпті.

  Болат Байқаскин,  Петропавл қалалық төтенше жағдай басқармасының инженері:
-Балалардың отпен ойнамауын үнемі қатаң қадағалап отыру қажет.
Мынадай жағдайлардан байқайтынымыз көп жағдайда өрт қауіпсіздігі сақталмайды. Сондықтан тұрғындарға отпен абай болыңыздар деп ескертеміз.

 Кәусар Аяпбергенқызы