Билік

«Нұр Отандағы» қабылдау

Партияның облыстық филиалы төрағасының қабылдауына алдымен Бижамал Нұржауыпова кірді. Қала тұрғыны Ресейдің Омбы қаласында емделу үшін көмек сұрап келген. Науқастың отбасы қажетті үш жүз мың теңгені таба алмай отыр. Серік Біләлов көмек беруге уәде етті.  Ал Александр Капаница банктермен бір келісімге келе алмай жүрген көрінеді.

Кәсіпкер әуелде техника алу үшін банктердің бірінен 25 миллион теңге несие ресімдеген. Бірақ дағдарыста қарызын уақтылы өтей алмаса керек. Бүгінде жұмысы алға басқан. Несиені де жүйелі түрде төлеп келеді. Бірақ банк кесте бойынша төленбеген қарызды бірден өтеуді талап етіп отыр.

  Александр Капаница,  кәсіпкер:

 

Жүк тасымалы үшін арнайы техника сатып алған едім. Ешкімнің көмегінсіз өтеймін. Айына 150 мың теңгеден төлейтін жағдайым бар. Бірақ төлей алмаған қарызды дәл қазір өтеуге мүмкіндігім жоқ.

Серік Біләлов бұл жұмысты облыстық әкімдіктің заң бөлімінің қарауына алуды тапсырды. Ал 7 баланың шешесі Евгения Көкенова пәтер мәселесін шешіп беруді сұрап отыр. Қазір қаладағы тұрғын үй кезегінде 690-шы болып тұр. Балалардың әкесі диірменде жүк тасушы. Серік Біләлов пәтерсіз отбасының мәселесін бірден шешу қиын екендігін айтты.

 Серик Біләлов,  СҚО әкімі:

– 7 бала, жолдасыңыз жүк тасушы, алатыны 30 мың теңге. оның 15 мыңы пәтер жалдауға кетеді. Бұлай қалада күн көру қиын. Мүмкін қала маңындағы ауылдардан үй қарармыз. Аудандардың әкімдерімен, шаруашылықтар басшыларымен ақылдасайық. Мүмкін мал беру жағын ойластырармыз.

М.Жұмабаев ауданынан көшіп келген отбасы тоқсаныншы жылдардан бері тұрғын үй зардабын көріп келеді. Отағасының мамандығы – мал дәрігері. Ал ауылдық жерде бұндай мамандық бойынша жұмыс табу мүмкіндігі жоғары.

 Әсем Сембина