Білім

«Мектепке жол» – Аққайың ауданында

 

 

 

 Қазіргі күні баланы мектепке даярлау оңай емес. Бұл орайда “Мектепке жол” акциясы тұрмысы төмен және көпбалалы ата-аналарға үлкен көмек. Жаңа оқу жылы қарсаңында бұндай отбасыларға Аққайың ауданында да жәрдем жасалуда. Дәптер, қалам, қарындашқа толы арқа қоржындарға бүгін он бала ие болды. Оның бесеуі бірінші Смирнов орта мектебінде оқиды.

  Сайра Байташева:
-Жылда осылай жәрдем көрсетеді. Балаларды мектепке дайындау қазір оңай емес. Бізге бұл көмек. Рақмет.
Нұрсейіт Серғазиев:
үгін маған сөмке берді. Рақмет. Оқуымды тек жақсы оқитын боламын.

Татьяна Подлесная  – тоғыз баланың анасы. Алтауы мектепте оқиды. Бүгін кіші ұлдары Андрей мен Виктор қуанышқа бөленді.

  Татьяна Подлесная:
Алты баланы мектепке әзірлеу бізге қиын. Қазір бәрі қымбат заман ғой. Аудан басшылығы, мектеп ұжымы бізді ешқашан ұмыт қалдырмайды. Әрқашан көмек көрсетіп тұрады.  

Бұл білім ошағында көмекті қажет ететін жиырма жеті оқушы болса, он екісіне “Асар” акциясы аясында жәрдем жасалған екен. Жалпы  Аққайың ауданында тұрмысы төмен отбасынан шыққан 262 бала бар. Оның отыз екісі жетім балалар. “Мектепке жол” акциясы аясында бұл оқушылардың барлығына көмек көрсетілмек. Аталған игі шараға кәсіпкерлер де барынша атсалысуда.

Айымгүл Әбілева