Жол-көлік апаты

Қылмыс

16:09 17 Тамыз 2010

 Жексенбі күні сағат 15.30  шамасында «Петропавл – Благовещенка» бағыты бойынша келе жатқан “ГАЗель” автомашинасы ВАЗ көлігімен соқтығысып қалады. «Жигули» автокөлігінің 24 жасар жүргізушісі оқиға орнында қаза болып, ал оның жолаушысы ауруханада көз жұмды. Шағын автобуста отырған төрт жолаушы да жапа шекті.

 «Газель» жүргізушісі :
– Мен жолаушыларды әкеле жаттым. Қарасам, жеңіл автокөлік бірде алға, бірде артқа жүріп келеді. Тіпті жолда шаң көтерілді. Мен жылдамдықты сағатына 40 шақырымға дейін азайтып, көлікті оңға қарай бұрдым. Соқтығысқанымызды аңғармай да қалдым.

Жол полицейлері апаттың себебін анықтап жатыр. Қазір олар сараптама қорытындыларын күтуде. Тәртіп сақшылары мұндай қайғылы оқиғалар көбіне облыстық және республикалық маңызы бар трассаларда болатынын айтады

 Әбілсейіт Жолаушин,  СҚО ІІД ЖПБ қызметкері:
-Соңғы жеті ай ішінде СҚО аумағында 154 жол-көлік оқиғасы тіркеліп,  32 адам қаза таптып, 181 адам түрлі жарақат алды.

Облыстық Жол полициясы басқармасы рейдтік шаралардың санын көбейткенімен апаттық оқиғалар азаяр емес. Сондықтан тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады.

 Жасын Біркенов

Бұдан әрі оқыңыз