Білім

Жаңа мамандыққа сұраныс болады

 

 

 
«Бөбек» қайырымдылық қорының төрайымы Сара Назарбаеваның ұсынысымен енгізіліп отырған пән 7 жыл көлемінде сынақтан өткізілді. Осы уақыт ішінде Петропавлдағы  2 балабақша, 2 мектеп және 2 мектеп- интернатта «Өзіңді -өзің таны» пәні оқытылып келді. Биылғы оқу жылынан бастап бұл пәнмен  барлық  оқушылар танысатын болады.

  Күлпаш Қалғожина, СҚО білім басқармасы мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің бастығы:
-Бұл пәннің мақсаты  – балаларды адамгершілікке тәрбиелеу. Пәнді мұғалімдер  даярлау институтында дайындалған мұғалімдер береді.

Биыл М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне құжат тапсырған 1 827 түлектің 601-і тегін оқу мүмкіндігіне ие болды. Оның ішінде 30 грант жаңа мамандықты игеруге ниет білдірген студенттерге бөлініп отыр.

  Жангелді Сейітзадин, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қабылдау комиссиясының атқарушы хатшысы:
-Жаңа мамандық бойынша біздің университеттің лицензиясы бар. Ол еңбек нарығына сәйкес өте қажет мамандық. Студенттер келешекте өз орындарын табады.

Оқушының бойындағы адамгершілік қабілеттерді дамытып, рухани байыту үшін оларды тәрбиелейтін білікті мамандар даярлау шарт. Сондықтан студенттерді де оқыту кез- келген оқытушыға жүктелмейді.

  Жангелді Сейітзадин,  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қабылдау комиссиясының атқарушы хатшысы:
сы мамандық бойынша оқытушыларымыздың сапасы жоғары. Олар – ғылым кандидаттары, тәжірибелері мол оқытушылар.

Жаңа ғылымның есігін ашуға бел буған кешегі түлектер бірер күннен соң студент атанады. Ал олардың сапалы білім алулары үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Аталмыш пәнді оқу бағдарламасына кіргізу үшін республикалық бюджеттен 58 млн теңге қаржы бөлінген.


Кәусар Аяпбергенқызы