Бизнес және экономика

“Ресейге қош келдіңіздер!”

 

 

 

Александр Козлов биыл мектепті тәмамдап, құжаттарын Новосібір мемлекеттік университетіне тапсырыпты. Емтихан тапсыру үшін оған Ресейге жиі барып тұруға тура келді. Осы уақытта Александр “Ресей Жинақбанкінің” жаңа қызметін алғашқы рет пайдаланған.

 Александр Козлов, студент:
-Банктің бұл қызметі жөнінде естіген соң, бірден төлем картасын алдық. Тез, ыңғайлы және ең бастысы, ақша аударымы үшін есептелетін пайыздық мөлшерлеме өте төмен. Алдағы уақытта да осы банктің төлем картасын пайдаланатын боламын.

Бірыңғай тариф кеңістігінің енгізілуі балалары көрші елдің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан ата-аналар үшін аса ыңғайлы. Сондықтан Елена Козлова ұлының қалтасында әр уақытта ақша болатынына сенімді.

  Елена Козлова:
-Төлем картасын пайдаланған өте ыңғайлы. Кез-келген уақытта баламызға ақша аудара аламыз. Сөйтіп, ұлымыздың ақшасыз қалмайтынын білеміз.

Кәсіпкер Наталья Астахова өз ісін шағын ғана сауда нүктесінен бастаған. Қазір ол “Ресей Жинақбанкінің” тұрақты клиенттерінің бірі. Банк көрсететін қызмет көңілінен шығады.

  Наталья Астахова, кәсіпкер:
-Бұрын Челябі, Екатеринбург, Пермь қалаларынан тауар таситынмын. Үнемі үлкен сомадағы ақша қалтамда жүретін. Әрине, жоғалтып аламын ба деп қорқушы едім. Ал төлем картасын пайдаланған үшін пайыздық мөлшерлеме жоғары болатын. Петропавлда «Ресей Жинақбанкінің» филиалы ашылғалы бері жағдай өзгерді. Әсіресе, банк карталарына қатысты жаңа шарттар өте ыңғайлы.

Әрбір қазақстандық аталған қаржы институтының төлем картасының иесі атана алады. Ол үшін «Жинақбанктің» кез- келген бөлімшесіне өтініш жазу жеткілікті.

  Гүлнәр Айтбаева, “Ресей Жинақбанкі” АҚ ЕБ Петропавлдағы филиалының бөлім бастығы:
-Бұл қызмет түрі барлық қазақстандықтардың Ресейде өздерін үйде жүргендей сезінуіне мүмкіндік береді. «
Жинақбанктің» төлем карталарын ұстаушылар көрші елде кез келген банкоматтан өте төмен тарифпен ақша ала алады. «Жинақбанкі» – Қазақстанда бірыңғай тарифтік кеңістік ашып отырған жалғыз қаржы институты.

Бірыңғай тариф кеңістігі – «Жинақбанктің» өз клиенттеріне жасап отырған жалғыз сыйлығы емес. Алдағы уақытта бұл жердегілер халықты жаңа қызметтермен қуанта бермек.

 Айымгүл Әбілева