Бизнес және экономика

“Ресей Жинақбанкінің” бірыңғай тариф кеңістігі

 

 

 

Жыл өткен сайын Ресей Федерациясына шекара асатын қазақстандықтардың қатары қалыңдап келеді. Бірі ресейлік кәсіпкерлермен іскерлік қарым-қатынас орнатса, енді бірі білім қуып, көрші елге жол тартады. Туған-туысқандары мен достарына қонаққа баратындар тағы бар. Шетке жиі шығатын отандастарымыз үшін “Ресей Жинақбанкі” ұсынып отырған жаңа қызмет түрі аса ыңғайлы.

  Татьяна Филатова:  
 – Мен Ресейге жиі барамын. Ақшамды үнемі төлем картасында сақтаймын. Бұрын басқа банктің картасын пайдаланатынмын. Ақша түсіргенде комиссиясы үлкен болатын. Ал қазір ыңғайлы. Ресейде қызым оқиды. Еш кедергісіз «Жинақбанкінің»   кезкелген банкоматынан өте төмен пайыздық мөлшерлемемен қаржы түсіре алады.  

  Евгения Капустина,  студент:
Мен Ресейде оқимын. Жаңа қызмет түрінің пайда болғанына қуаныштымын. Бірыңғай тарифтік кеңістік туралы естігеніме көп болған жоқ. Ақша түсіру үшін өте төмен үстемеақы есептеледі. Мен үшін өте ыңғайлы.

Аталған банктің төлем картасын алу үшін есепшот немесе депозит ашудың қажеті жоқ. «Жинақбанктің» кез -келген бөлімшесіне өтініш жазу жеткілікті. Екі -үш күн ішінде төлем картасы дайын болады.

  Петр Салохин, “Ресей Жинақбанкі” АҚ ЕБ Петропавл қаласындағы филиалы директорының орынбасары:
Бірыңғай тарифтік кеңістік – барлық қазақстандықтар үшін Ресей банкоматтарынан өте төмен пайыздық мөлшерлемемен ақша түсіруге берілген бірегей мүмкіндік. «Жинақбанкі»  – ТМД аумағындағы ең ірі қаржы институты. Ресей бойынша біздің клиенттеріміз 21 мыңнан астам банкоматтың қызметіне жүгіне алады. Ал көрші елдің ірі қалаларында біздің банкоматтар әр бұрышта тұр десек артық айтқанымыз емес.

Банк қызметкерлері жаңа қызмет түрінің өңір тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие болатынына сенімді.

Айымгүл  Әбілева