Балалар

“Мектепке жол”

 

 

 

 

 Қыркүйектің бірінде қазақ мектеп-гимназиясының табалдырығын мыңға тарта оқушы аттайды, олардың 180- і тұрмыс деңгейі төмен отбасыларының  балалары. Қазіргі күні олардың 60-сы қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.

Айбол Сапуанов:

 -Мен Мағжан оқуларына қатысамын, 5-ке оқып, мектебімді алға жетелеймін. Маған сөмке берді, оның іші толған құралдар. Бұл жақсы оқуыма көмектеседі.  

  Ұлпан Қайырова:

 -Бүгін бізге мектеп құралдарын берді. Үлкен рақмет, бәрі әдемі, мектеп таза, үлкен. Маған тек жақсы оқу ғана қалды.

Бұл оқушылардың әрқайсысы “Мектепке жол” республикалық акциясы аясында 7 мың теңгелік сыйлыққа ие болды. Мектеп құралдары қалалық жаппай білім беру қорынан бөлінген қаражатқа сатып алыныпты. Бұл көпбалалы ата-аналарға үлкен көмек. Бұл мектепте ондай 27 шәкірт бар.

 Күләш Жәнібекова:

– Мен 10 баланың анасымын Дәулет деген балам осында оқып жатыр, мынау менің немерем. Немерем жаздыкүні лагерьге барып келді. Осындай көмектеріне үлкен рақмет.

  Ғалия Мәжікеева:

 -Қазіргі оқу құралдарының бәрі өте қымбат. Сондықтан ата-аналардың шамасы келетіндері де, келмейтіндері де бар. Құралдардың бәрін алып, қуанып қалдық.

Халықтың әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсету кеектігі Елбасы жолдауында  да айқын көрініс тапқан болатын. Бұл тұрмыс деңгейі төмен отбасыларға айтарлықтай қолдау.

Әлия Әблина, мектеп-гимназияның әлеуметтік педагогы:

 -Сондай-ақ жуық арада 60 баланы қысқы киім, 90 баланы спорт киімдерімен жабдықтаймыз деп жоспарлап отырмыз.Осындай қамқорлық жиі бола берсе, біздің Қазақстанның болашақ азаматтарына жақсы үлес болады деп ойлаймын.  

Сонымен қатар білім ошағы  60 оқушыны оқу жылы бойы ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етпек.

 Жеңіс Ермұқанов