Құқық қорғау органдары

Полицияның түнгі рейді

 

 

 

Өткен аптаның сенбі және жексенбі күндері өткізілген түнгі рейдке есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері, учаскелік инспекторлар, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар, кинологтар жұмылдырылды. Бірлескен жедел топ 12 ойын-сауық кешенін аралап шықты.

Әлия Ешпенова, СҚО ІІД ЕБҚКБ инспекторы:
-Облыс аумағында алдын алу жұмыстарымен қатар заңсыз есірткі айналымына байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін рейдтер өткізіліп тұрады. Біздің басқармамыздың басты мақсаты –  есірткінің  таралуының, нашақорлықтың алдын алу.

Рейд барысында күдік тудырған адамдар облыстық наркология орталығына жеткізілді. Сараптама нәтижесі бойынша, ағзасында есірткі табылған адамдарға әкімшілік хаттама толтырылып, олар наркология орталығында тіркеуге қойылады. Екі күндік рейд барысында наркология орталығына 15 адам жеткізілген болатын, олардын сегізінің есірткі қабылдағаны  анықталды. Жалпы үстіміздегі жылдың жеті айы ішінде солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 154 кг түрлі есірткі заттарын тәркілеп, 128 адамды қамауға алды.

Кәусар Аяпбергенқызы