Балалар

Оқушылар өздері өсірген өнімді жинап жатыр

 

 

 

 

 

Бақшада өсіп тұрған жеміс-көкөністі оқушылар өздері отырғызып, жаз бойы күтіп баптаған. Енді төккен маңдай тердің жемісін көріп, өнімді жинайтын кез келді. Еңбекқор балалар бүгін асқабақ пен бұрышты жинап жатыр.

Любовь Семенова, Вагулин орта мектебінің оқушысы:
-Жақсы өнім алу үшін жеміс-көкөністі күту керек. Осы жылы көбелектер көп. Олар қырыққабатқа зиян келтіретіндіктен, жұлдызқұрттарды оқушылар күнделікті жинап отырды.  

Мектеп жанындағы бау-бақшадан жиналған өнім ертең асхана дастарханына түседі. Яғни, жаңа оқу жлында түскі тамақ құны бұрынғы 35-40 теңге шамасында қалады.

Гүлнар Елубаева,  Вагулин орта мектебінің директоры:
-Өзін-өзі қамтамасыз ету бағдарламасы аясында мектеп бақшасында өсірілген көкөністің барлығы мектеп асханасына түседі. Осының есебінен тамақтану бағасы қымбаттамайды. Және қыс кезінде балалардың ас мәзірінде дәруменді өнім болады.

Сондай-ақ мектеп жанындағы бақшада үлкен гүлзар жасалыпты. Бұл жерде жайқалып өсіп тұрған әр алуан гүлдер көз қуантады. Жалпы Қызылжар ауданы бойынша 52 мектептің көкөніс пен гүл егуге арналған жер телімдері бар. Мектеп ұжымдары көктем сайын картоп отырғызады. Кей білім ошақтарында оның көлемі 25 сотыққа дейін жетеді. Тамыз айының аяғында қызылжарлықтар өнімді жинауға кіріспек.

Айымгүл Әбілева