Балалар

Мектепке әзірлік

 

 

Кристина Степанецтің баласы биыл мектепке дейінгі даярлық тобына қатысты. Көзді ашып-жұмғанша жазғы демалыс  өтіп кетті. Енді баласын бірінші сыныпқа дайындау үшін сан түрлі қалам, қарындаш, дәптер, желім сияқты мектепке қажет оқу құралдарының бәрін алу керек.  Дүкен сөрелерінде қаз-қатар тізілген  оқу құралдарын таңдап жүріп алуға болады.  Бірақ оқушының денсаулығына зиян келтірмейтінін алу керек.

  Амангелді Мұқамеджанов,  облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:
 – Рюкзак біріншіден ыңғайлы болуы тиіс. Теріні қажамас үшін арқаға жақсылап тартылуы керек. Оқушы онымен жүрумен қатар жүгіре алуы тиіс.  

Кирилл берілген кеңеске сай өзіне ұнаған ыңғайлы рюкзакты таңдап, костюм байқауға кірісті.

  Кристина Степанец:
 -Мектепке жинау аса қиындық тудыра қоймайды. Білмегеніңді сатушылардың көмегіне жүгініп аламыз. Ақшаң болса , бәрі бар. Бағалары да қалта қақпайды. Біз толық дайынбыз тек костюм таңдау қалды.  

Міне костюм де Кирилға құйып қойғандай. Енді ол мектеп табалдырығын аттауға толығымен дайын. Кристина бүгін дүкенде осының бәріне 20 мың теңгедей қаржысын қалдырды. Білімге жұмсалған ақша міндетті түрде қайтады дейді ана.

 
Жеңіс Ермұқанов