Бизнес және экономика

Ресей банкінің жаңа қызметі

“Ресей Жинақбанкі” АҚ-ның еншілес банкі  ұсынып отырған жаңа қызмет түрі қазақстандықтар үшін аса ыңғайлы. Енді Ресей Федерациясында жүрген отандастарымыз аталған қаржы институтының кез-келген банкоматынан еш кедергісіз ақша түсіре алады.

 

 

Руслан Чуланов, “Ресей Жинақбанкі” АҚ ЕБ Петропавл қаласындағы филиалының директоры:

-Бұл қызмет түрі барлық қазақстандықтардың Ресейде өздерін үйде жүргендей сезінуіне мүмкіндік береді. Банктің төлем карталарын ұстаушылар көрші елде кез-келген банкоматтан өте төмен пайыздық мөлшерлемемен ақша ала алады.   «Жинақбанкі» Қазақстанда бірыңғай тарифтік кеңістік ашып отырған  жалғыз қаржы институты және бұл қызметті әрі қарай дамытуды көздеп отырмыз.

 

Бұл жаңа қызмет түрі әсіресе Ресеймен шекаралас өңірлер үшін аса тиімді, өйткені солтүстікқазақстандықтар көрші елге өте жиі шығады.
«Жинақбанкінің» жаңа қызметін пайдаланып үлгерген  жерлестеріміз оның ыңғайлы екенін айтады.

 

Иван Пашков, зейнеткер:

-Кейде Ресейге барамын, көп ретте қолма-қол ақша аламын. Бұл, әрине, ыңғайсыз, әрі қауіпті. Ал бірыңғай тарифтік  кеңістік біз үшін өте ыңғайлы.

 

Елена Капустина:

-Мен Ресейде жұмыс бабымен немесе туғандарыма қонаққа жиі барамын. Ақша төлем картасында жатады. Бұрын ақшаны өте үлкен үстемеақымен өзге банктен алатынмын, ал «Жинақбанкінің» жаңа қызмет түрі бойынша банктік мөлшерлеме көп емес.

 

Банк қызметкерлері жаңа қызмет түрінің өңір тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие болатынына сенімді.

 

Айымгүл Әбілева