ТЖ

Облыстық оқу-жаттығуға вице-министр қатысты

 

 

 Өрт оқиғаларын ауыздықтауға арналған облыстық оқу-жаттығу жиынына төтенше жағдайлар саласының 12 бөлімшесі қатысты. Олар облыс әкімі мен төтенше жағдайлар вице-миниистрі Валерий Петровты, орталық мемлекеттік органдардың мамандарын қолда бар техника және арнайы құралдармен таныстырды. Бұдан соң оқу- жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

  Серік Біләлов, СҚО әкімі:

-Қазргі күні ауа райы өте ыстық болып тұр. Сондықтан өрттің алдын алу туралы берілген Үкіметтің тапсырмасын орындау  үшін Аққайың орман шарукашылығы негізінде осы шара ұйымдастырылуда.

  Бұдан соң сөз алған төтенше жағдайлар вице-министрі оқу- жаттығуға қатысушыларды еліміздегі жағдайдан құлағдар етті.

  Валерий Петров, ҚР ТЖМ вице-министрі:

Бәріміздің қызметіміз бір. Ол тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтау. Тамыз, қыркүйек айлары қиын болып тұр. Жауын-шашын жоқ. Ылғал нормадан төмен. Ресейдегі жағдайдан хабардарсыздар. Ондайға жол бермеу үшін бүгінде республикалық штаб құрылды. Міндетіміз өртке жол бермеу.

 Өрттің қайда шыққандығы жайында рациядан хабар берілді
Бозда шыққан өрт артынша орманды шарпып, одан елді мекенге ауысты. Оқу- жаттығуға қатысқан төтенше жағдайлар саласындағы 12 бөлімшенің әрқайсысына жүктелген міндет бар. Олар тапсырманы бұлжытпай орындап, тілсіз жауды санаулы уақыт ішінде ауыздықтады. Бұл жүздеген адамның жұмырықтай жұмылуының арқасында мүмкін болып отыр. Оқу-жаттығу жұмыстарын қорытындылаған вице-министр  төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық штабтың жұмысына оң бағасын берді. Тактика барысында ширақ қимыл көрсеткендер облыс әкімінің құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапатталды.

  Ерлан Нысанбаев, ҚР орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы :

блыстық штабтың жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығына көз жеткіздік. Дайындықтары жақсы. Бірлесіп жұмыс атқара алатындықтарын көрсете білді. Мұндай әзірлік біркүндік болмауы керек. Кез-келген жағдайға сақадай сай болу қажет.  

 Төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық штаб Премьер- министрдің тапсырмасымен құрылып, арнайы бағдарлама бекітілген болатын. Бұл жолғы жаттығу соның бастамасы. Мұндай шаралар еліміздің барлық өңірлерінде жүргізілетін болады.

Самат Есмағи