Білім

830 солтүстікқазақстандық түлек грантқа ие

Биыл М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-не 1827 түлек 46 мамандық бойынша грантқа түсу үшін өтініш жазды. Мемлекеттік байқаудың қорытындысына сәйкес 830 талапкер бюджет есебінен білім алатын болды. 601 грант иегері білімін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жалғастыруды қалаған.

Оңдасын Әшімов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:


-Бірқатар мамандықтар бойынша аз грант тағайындалды: мектепке дейінгі оқу және тәрбиеге 33 пайыз, дефектологияға 21 пайыз, музыкалық оқу – 18-19 пайыз.

Биылдан сырттай оқу бөліміне  студенттерді қабылдауға бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы жылдан сырттай білім алатындардың саны азаймақ. Бұл Үкіметтің шешімі  дейді Оңдасын Бәйкенұлы. Сондай-ақ  жаңа оқу жылынан жергілікті университет Оңтүстік Африка Республикасындағы көшбасшы жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық байланыс орнатпақ. Маусымның 26 -ынан Дурбан қаласындағы Манкос бизнес мектебіне студенттерді қабылдау басталды. Білім алу үшін Африка еліне барудың қажеті жоқ. Студенттер өз үйлерінде интернет арқылы орыс тілінде оқиды. Ал университетті тәмамдаған соң  халықаралық дәрежедегі дипломды иеленеді.

Оңдасын Әшімов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:


Оқудың бағасы Қазақстандағы оқудың бағасынан жоғары емес. Бакалаврға оқитын студенттер жылына 132 500 тг, ал магистр 380 мың теңге төлейтін болады.

Ал Қазақстандағы жоғары оқу орындарында бакалавр мамандығының жылдық құны 290-300 мың, ал магистратура 418 мың теңге шамасында .

Жасын Біркенов