Спорт

Спортшылар мерекесі қарсаңында

 

 

 

 Спорт күні қарсаңында – сенбі күні департаменттер мен басқармалар қызметкерлерінің арасында спартакиада ұйымдастырылады. “Қарасай” стадионына өз бақтарын сынауға 500 шақты мемлекеттік қызметшілер жиылады.

Надежда Патюткина,  СҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы:
– Осы жылы біз Спорт және Денсаулық күнін бірге атап өтеміз. Бұл күні өтетін шарада мемлекеттік қызметшілер гір көтеру, секіру, шеңбер айналдыру және тартылудан күш сынасатын болады.

Биылғы жылы солтүстікқазақстандықтар көптеген биік белестерді бағындырды. Алты спортшы халықаралық, 24-і республикалық деңгейде спорт шебері нормативтерін орындады. Ал 45 жерлесіміз спорт шеберіне үміткер атанды.

  Надежда Патюткина, СҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы:
  – Екі жерлес спортшымыз Ванкуверде өткен қысқы олимпиада ойындарына қатысып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Тағы бірқатар спортшыларымыз Азия және әлем чемпионы атанды. Ал енді бүгінгі күні біз Азия ойындарына қызу дайындалып жүрміз.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облысымызда спортпен 108 мың адам шұғылданады. Бұл өңірімізде тұратын халықтың 16,8 пайызын құрайды.

  Надежда Патюткина, СҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы:
– Спортпен айналысатын ересектердің саны балаларға  қарағанда төмен. Сондықтан біз ұйымдар мен кәсіпорындарда спорт ұжымдарын құрып жатырмыз.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының айтуынша, мұндай шаралардың арқасында спортпен шұғылданатындардың саны жыл соңында 1,5 пайызға артпақ.

Жасын Біркенов