Құқық қорғау органдары

Полицейлердің саяжайшыларға көмегі



 

Күз келісімен саяжайлар аумағында ұрлық фактілері жиі тіркеледі. Түн жамылып ұрлыққа келетіндер жеміс-жидекті ғана емес, түсті металды да қолды етеді. Маусымдық қылмыстардың алдын алу үшін тәртіп сақшылары рейдке шығып отыр.

  Анатолий Грицук, «Ренет» саяжай кооперативінің төрағасы:
– Қандай да бір қақтығыстар орын алғанда тәртіп сақшылары әрдайым көмекке келеді. Мәселен, жуырда жастар саяжайға демалуға келіп, бір-бірімен келіспей қалды. Полицейлер бірден тәртіп орнатып кетті.

Полицияның 2 аймақтық пунктінің аумағында 15 саяжай қоғамы бар. Сондықтан мұнда саяжай қылмыстары жиі тіркеледі.

  Денис Лебедев, Петропавл қ. ІІБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор:
 – Ойқала аумағында ұрлық фактілері мен тұрғылықты мекені жоқ азаматтарды анықтау үшін патрульдік полиция, атты взвод, көші-қон полициясы, учаскелік инспекторлар  мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар бірлескен тексерістер өткізеді.

Тәртіп сақшылары жүргізген рейд барысында полицияның аймақтық пунктіне 49 адам жеткізілді. Барлығының саусақ таңбалары дерекқорға алынып, 29 адам  фото-бейне есепке тұрғызылды. Үш заңбұзушы медициналық айықтырғышқа, тағы бесеуі үй-күйсіздерге арналған панажайға жеткізілді. Енді тәртіп сақшылар мұндай рейдтерді жиірек ұйымдастырмақ.
 

 

Жасын Біркенов