Қоғам

Қоғамдық көлікте тіл туралы заң талаптары сақтала ма?

 

 

 
 
Мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпарат мәтіннің сол және жоғарғы тұсында, ал орысша үлгісі оң және төменгі жағында жазылуы тиіс. Бірақ тексеріс нәтижесінде анықталғанындай, ҚР Тіл туралы Заңының 21-бабы қоғамдық көліктердің бәрінде бірдей сақталмайды.  Қала бойынша 30 шақты бағытқа шығатын қоғамдық көліктер 9 кәсіпорынға бағынады. Сәйкесінше көліктерде ілінетін жазуларға жауап беретін солар. Өрескел қателер тіл білетін жолаушыларды қынжылтады.  

 

Тұрғындар:
 – Өте көп, өрескел қателер бар. Мен ойлаймын, «Қазақ тілі» қоғамы не үшін жұмыс істейді деп.
 – Автопарктер кін
әлі
 
Бұл жолы тіл мамандары 4А және 7 бағыттағы автобустарды тексерді. Қоғамдық көліктердегі қателер  бір тектес болып шықты.

Фарида Тұяқова,  Петропавл қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бастығының орынбасары:
 –Былтырғымен салыстырғанда қателер азырақ. 4 А автобусында тек орысша жазылған және орфографиялық қателер бар.

Тексеріс қорытындысы бойынша мамандар заңға қайшы келетін осындай жазулар жайлы Петропавл қалалық жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары бөліміне хабарлайтын болады. Ал олар тиісінше барлық қателерді жоюлары тиіс.
 

Кәусар Аяпбергенқызы