Білім

Мектептер көкөніс өсіріп жатыр

 

 

  

Мектеп жанндағы жүйек жарқыраған күнді елестетеді. Дәл ортасында сәбіз, қызылша, күнбағыс, ал жан-жағында қияр, кәбі, жүгері өседі. Көз қуантып өсіп қалған көкөністерді жаз бойы ұстаздар мен оқушылар баптап, өсірді.

 Райхан Омарова, Преснов орта мектебінің оқушысы:
-Көктем келісімен оқушылар мен ұстаздар осы араға жиналамыз.
Мұғалімдер гүлдерге, көкөністерге арнайы жер бөледі. Тұқым сепкеннен кейін оқушылар жаз бойы кезектесіп су құйып, күтім көрсетеді.

Ал “Бәйтерек” секторында гүлдің 30 түрі жайқалып тұр. Тәуелсіздік нышанының шағын сұлбасын мектеп ұжымы темірден құрастырып алыпты. «Бәйтерек» көздің жауын алатын түрлі-түсті гүлдерімен ерекшеленсе, “Украиндық хутор” секторы тоқыма бұталармен қоршалған. Әр бағанаға саз балшықтан жасалған құмыра ілініпті.

Геннадий Лукьянчик, Преснов орта мектебінің директоры:
-Мектебіміз осымен 15 жыл бойы жеке бау-бақшасын ұстайды. Біз  осылайша оқушыларды қоршаған ортаны аялауға, аянбай еңбектенуге тәрбиелейміз. Сондықтан баршасы бастаған істі аяқсыз қалдыруға болмайтынын, шын ниетпен жасаса аш қалмайтынын біледі.

Преснов мектебіне қарасты 1,5 га жер аумағының 50 сотығына картоп отырғызылған. Жаңа оқу жылында бұл өнімдердің барлығы мектеп асханасына түседі. Сөйтіп, бау-бақшаның арқасында түскі тамақтану құны не бары 45 теңге болмақ.

Жеңіс Ермұқанов