Денсаулық сақтау

Хирург Леонид Азегов 80 жасқа толды

 

 

 

 

60 жыл бойы адамдардың өмірін арашалап келген қария, оның соңғы 29 жылын 3-ші аурухананың хирургия бөлімінде қызмет еткен болатын. Медицинаның ең күрделі саласын таңдаған Леонид Азегов хирург жүгінің тым ауыр екенін жақсы біледі. Сондықтан жас мамандарға әрдайым өз ақылын айтып, оларға ерекше көңіл бөлетін. Оның 70-тен астам білікті шәкірттері бар. Солардың бірі – Анатолий Пысин. Ол медицина ардагерімен алғаш  еңбекке  араласқан жылы танысқан. Содан бері жолдастық қарым-қатынастары жарасып, күні бүгінге дейін қоян- қолтық араласады.

  Анатолий Пысин, қалалық №3 аурухананың хирургия бөлімі орынбасарының міндетін атқарушы:
-Мен Леонид Азеговты оқуымды бітіргенге дейін білетінмін. Диплом алған соң білікті маманның қасында жұмыс істеуді армандадым. Менің ойлағаным жүзеге асып, облыс хирургия саласының ардагерімен 20 жыл еңбек еттім.

Леонид Азеговтың өзі дәрігер болуды бала кезінен армандапты.   

  Леонид Азегов, еңбек ардагері:
-Медицина училищесін бітірген соң әскерге кеттім. Бірақ дәрігер болу ойынан айныған жоқпын. Кейін медицина институтына  түстім. Мақсатым өз білімімді одан әрі тереңдету болатын. Кейін қызметке тұрған соң маған лауазымы жоғары орындар да ұсынылды. Бірақ мен дәрігерлік тәжірбиеден айырылғым келмеді.

Леонид Азегов Омбы мемлекеттік медицина  институтында білім алған және бірінші отаны дәл сол білім ошағының қабырғасында жасаған. Алғашқы махаббаты мен бүгінгі жары Зинаида Степановнаны да сонда кездестіріпті. 1960 жылы отау құрған олар жақында алтын тойларын атап өтті.

  Леонид Азегов, еңбек ардагері:
-Біз кезінде бір оқу орнында, бір топта оқыдық. Кейін бір жұмысқа да тұрдық. Жолдасым психолог-маман болатын.

Сексеннің сеңгірігіне шықса да қария өзін тың сезінеді. Жастайынан жүгіру, шаңғы тебу, жүзумен айналысқан ол салауатты өмір салтына деген әуестігінен әлі күнге арылмапты. Денсаулығы сәл сыр берсе де Леонид Азегов саяжайда еңбек еткенді жақсы көреді.

Гүлден Сәрсенбаева