Қоғам

Ата заңға -15 жыл

 

 

 

Еліміздің Ата заңында мемлекеттің басты құндылығы халық деп көрсетілген. Яғни азаматтардың құқығы, бостандығы ерекше назарда. Тәуелсіз еліміздің алғашқы заңы  1993 жылы қабылданды. Араға екі жыл салып, Ата заң бүкілхалықтық референдумда қайта бекітілді. Осылайша өзінің мемлекеттігін айқындаған Республика демократиялық қоғамның негізін қалады.

  Зәуре Қартова , СҚМУ аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты:

– 2005 жылы елімізде 5000 ғана үкіметтік емес ұйымдар болса, бүгенде 12 мыңнан аса ұйым бар. 12 партия бар. Сонымен қатар Қазақстан әлеуметтік мемлекет атанды. Яғни бізде тап жоқ. Бірақ тұрмысы төмендерге көрсетілетін әлеуметтік жәрдемақылар бар. 

Үш жүйелі мемлекеттік биліктің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстан татулығы жарасқан, ішкі, сыртқы саясаты тұрақты елге айналды. Алыс-жақын шетелдердің арасында беделі артып, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына басшылық етуге қол жеткізді.

Зауре Қартова , СҚМУ аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты:

-Референдумда 3000-ға жуық ұсыныс беріліп, 1100 өзгерту енгізілді. Бұның өзі демократиялық, халықтық қоғам үлгісін көрсетеді. Біздің Конституция халықтың, жастардың толық жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бағыт-бағдары айқын елдің болашағы да зор. Әуелде бүкіл халық бекіткен  басты заңға 15 жыл ішінде бірнеше рет өзгертулер енгізілсе де, Конституцияда мемлекеттің бастауы – адамға, елдің байлығына, республиканың басты құндылықтарына қатысты мәселе әрқашан алдыңғы орында қала бермек.
 

 Әсем Сембина