Спорт

Зағиптар арасындағы шахмат сайысы

 

 

 

  Патшалар ойынынан шеберлігін сынауға келген 10 сайыскердің бәрі – облыстық зағиптар қоғамының белсенді мүшелері. Аға буын өкілдері осы орталықта жиі кездесіп, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарының үйірмесіне қатысады.

  Еркебұлан Аманжолов, қалалық зағиптар орталығының төрағасы:
-Қазір бізге тренер берді. Салтанат Сәрсенбаев деген. Жұмасына үш рет өтеді.

Әскер Төлегенов құрметті демалысқа шыққалы зағиптар орталығына жиі бас сұғатын болды. ІІ дәрежелі мүгедек ала тақта ойынымен кәсіби деңгейде алты жыл айналысып келеді. Қарияның айтуынша, осындай кездесулердің берер пайдасы көп-ақ.

  Әскер Төлегенов, ІІ дәрежелі мүгедек:
– Осында келіп, жақсы жолдастармен танысып, уақытымызды өткіземіз.

Ойыншылардың алдына қойылған   ала тақталар су жаңа. Оларды облыстық зағиптар орталығына 164/4 түзету мекемесі сыйға тартыпты. Шахматтар жиынтығы көру қабілеті нашар азаматтарға лайықталған.  Айта кету керек, шахмат әуесқойлары мұнымен шектелмей, шаңғы теуіп, суда жүзіп, жүгіруден де қалыс қалмайды.

Гүлден Сәрсенбаева