Энергетика

Тариф жобалары бойынша сараптама жүргізіліп жатыр

 Өткен аптада “Аксесс энерго” АҚ-ның үш бірдей орталығының жылу энергиясы үшін тариф бағасын көтеру туралы өтініштері қоғамдық тыңдауға шығарылды. № 2 жылу- энерго орталығы жыл басынан бергі отын бағасының, көмір тасымалдау құнының , салықтың бірнеше түрінің өскенін дәлел ретінде келтіріп, тарифті көтеруді ұсынған. “Солтүстік Қазақстан энерго орталығы” ішкі қажеттіліктер шығынының көбеюіне байланысты жаңа тариф жобасымен шыққан. Бірақ табиғи монополияларды реттеу департаменті бұл дәлелдердің негізсіздігін алға тартып отыр.

  Марат Мұстафин, табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры :

 

-Қазірдің өзінде біраз ұсыныстарды негізсіз деп отырмыз.

Серіктестікстер ұсынған тариф жобалары бойынша сараптама жүргізіліп жатыр. Дегенмен, департамент бастығы тарифтің шектен тыс жоғарылауына жол берілмейтіндігін айтады.

  Марат Мұстафин, табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры :

кімет белгілеген коридордан артық болмайды.  

Ұсынылған тарифтер бойынша шешім тамыздың 25-нде мәлім болады.

Әсем Сембина