Жол картасы

Спортшылар мектеп- интернатында – күрделі жөндеу

 

 

 Облыстық спортта дарыны бар балаларға мамандандырылған мектеп-интернатында «Жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл ғимаратқа күрделі жөндеу 20 жылдай жүргізілмепті. Енді бұрынғы ағаш сәкі плиталарға, ал шиферлі шатыр металл черепицаға ауыстырылды. Бұл жұмыстардың барлығын Туризм және спорт басқармасының тендерін ұтып алған «Нұрсұлтан құрылыс компаниясы» ЖШС жүргізген. Жөндеуге жұмсалған қаржының 8 млн 550 мыңы жергілікті қазынадан болса, 1 млн 898 мың теңгесі республикалық бюджеттен бөлініпті.

  Қайдар Мақышев, спорт мектебі директорының шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары:
-Қабырғалар бәрі жарықтанды, бұрын ескі еді. Балалар келгенде қуанып, жарық жақсы жатақханаға келеді.  

Маусымның 25-інен басталған жөндеу жұмыстарына 16 маман белсене кіріскен. Олардың 11-і  «Жол картасы» бойынша орналасса, бесеуі осы мекеменің жұмысшылары. Араларында бір оқпен екі қоянды атып жүрген студент жастар да бар. Мамандығым бойынша тәжірибе жинақтадым, әрі жазғы уақытта ақша табудың тиімді жолын таптым дейді СҚМУ студенті Бахтияр Ербатыров.

  Бахтияр Ербатыров, СҚМУ студенті:
ен үшін жұмыс тиімді болды, себебі болашақтағы мамандығым құрылысшы ретінде жұмыс істеп жатырмын. Жалақым да жақсы.

Негізгі жұмыстар белгіленген мерзімге сәйкес шілденің жиырма бесінде аяқталды. Ал қазір құрылысшылар анықталған кемшіліктерді түзеп жүр. Енді мектеп- интернат басшылығы қыркүйек айында 250 жас спортшыны жаңа кейіпте  қарсы алуға дайындалып жатыр.
 

 

Кәусар Аяпбергенқызы