Жол картасы

Психоневрологиялық интернат жөнделді

  

 

 

Психоневрологиялық үй-интернаттың үшінші қабатында он жылдан астам күрделі жөндеу жүргізілмеген екен. Биыл “Жол картасы” аясында бұл қабат жаңартылды. Жатын бөлмелер, кабинеттер, дәліз, асхана толығымен жөнделді. Бұл жұмыстарды “Ассени” ЖШС -нің мамандары атқарған. Марина Қарымсақова аталмыш интернатта алты жылдан астам еңбек етеді екен. Ол бұл қабаттың жөндеуді көптен бері қажет етіп тұрғанын айтады.

  Марина Қарымсақова,  логопед:
-Биыл үшінші қабат күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл жұмыстар уақытында әрі сапалы жүргізілді. Тағар мініміз жоқ. Енді қазір барлық кабинеттер жарық, жайлы, әдемі.
Үлкен рақметімді айтқым келеді.

Интернаттың екінші қабаты 2008 жылы облыстық қазынадан бөлінген қаржыға күрделі жөндеуден өткен екен. Мектеп басшылығы келесі жылы баспалдақты ауыстыруды жоспарлап қойыпты. Онда да “Жол картасына” үміт артып отыр.

  Сәуле Қарабаева,  Петропавл балалар психоневрологиялық үй-интернатының директоры:
Өтініш беріп қойдық. Тоғыз жарым млн. теңгеге смета әзірледік. Баспалдақтар ескі. Жөндеуді қажет етеді.

Интернаттың үшінші қабатын күрделі жөндеуден өткізуге 20 млн. теңге бағытталған. Оның 14 млн-ы республикалық қазынадан бөлінді.

 

Айымгүл Әбілева