Әр түрлі

Ораза басталды

 

 

Мұсылман күнтізбесі бойынша әр жылғы ораза алдыңғы ауыз бекітуден он күн бұрын ұсталады. Яғни биыл, Рамазан айының бірінші күні тамыз айының 11-іне сәйкес келіп, қыркүйектің 8-іне дейін 29 күн тұтылады. Ораза айы – бұған дейін жасаған істерді таразылап, адамзатты мейірімділікке, бауырмалдылық пен сабырлылыққа тәрбиелейтін, сондай-ақ кісі мінезіне мін келтіретін барлық жаман әдеттен айықтыратын ғибадат.

Қасымхан Абдоллаұлы,  Қызылжар орталық мешітінің бас имамы:
-Бүгін кешке Рамазан айы туады. Біз мұсылмандар бүгін бірінші тарауық намазын оқимыз. Таңертең тұрып 4-ке дейін ауыз бекіту керек болады.
Алла тағала Құранда былай деген. “Ей, Аллаға иман келтіргендер. Сендерге ораза ұстау парыз” деген.

Оразаның негізгі шарттары – тағамнан тыйылу, балағат сөз, өсек айтпау, жаман ойдан арылу. Оразаны әрбір мұсылман тұтуы керек. Бірақ ауыз бекіту парыз болып есептелмейтін адамдар тобы бар.

Қасымхан Абдоллаұлы, Қызылжар орталық мешітінің бас имамы:
-Ауру адамға, жазылмайтын ауруға, ұстап жүріп ауырып қалатындарға.
Жол жүретін адам мүсәпір. Барлық мұсылмандарға Рамазан айы мүбарак болсын.

Бүгін таңғы төртте ауыз бекітілгеннен кейін бірінші мерекелік таң намазы оқылады. Қасиетті айда бар мұсылман қауымының тілегі мен ниеті бір.
 

Тұрғындар:

-Исламның бес діңгегінің бірі – ораза тұту. Сосын барлығын құттықтаймын. Мүбарак болсын
– Алла ризашығы үшін ұстаймыз. Қолымыздан келетіні – ораза тұту.
 -Бұл ай  – мейірім айы. Бәріміздің қалайтынымыз  – Алланың қазылығы. Әр мұсылман өзіне тілегенді бауырына тілейді.

Кәусар Аяпбергенқызы