Ауыл шаруашылығы

Облыста орақ науқаны басталды



 

 

Үстіміздегі жылы орақ науқаны өңірімізде ерте басталып отыр. Мұндай қадам ауа райына байланысты жасалды. Егер жауын-шашын болса, шығын болуы мүмкін.”Вагулинское” серіктестігіндегілер орақты түсімі аз болады деген алқаптардан бастағанды жөн көріпті. Бұл жерде бидайды дестеге түсіріп жатыр. Серіктестік директоры Виктор Редин бұл алқаптарға дәнді ерте септік дейді. Бірақ соның өзінде гектар берекелілігі 15 центнерден айналады деп күтілуде. Қажетті агротехнологиялар сақталғандықтан нәтиже де тиісінше болмақ. Кей жерлерде астық бастырылып та жатыр. Бұндай әдіспен егіс алқаптарының отыз пайызы орылады. Өзгесі тікелей комбайнмен жиналады. Бұл барынша тиімді. Биыл егіс басына екі мыңнан астам осындай техника шығарылмақ. Жалпы үстіміздегі жылы 3 млн. 900 мың гектар алқапқа дәнді дақыл себілді. Маңызды науқанды бастауға жанар-жағар май қоры жеткілікті. Элеваторлар да астықты қабылдауға дайын болмақ. Өткен жылғы бидайды жөнелту жағы бүгінде шешіліп қойған. Тамыздың жиырмасына қарай элеваторлар босатылады.  Жыл ауыр болды. Бірақ облыс агроқұрылымдары, әсіресе барлық агротехнологияларды сақтағандар орташа түсім болады деп күтіп отыр.

 

 

Айымгүл Әбілева