Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс орталығында ірі өрт оқиғасы тіркелді

 
Труд көшесіндегі  18-ші үй маңында ғимарат жанып жатыр деген хабар бірінші өрт сөндіру бөліміне сағат 18:34 -те  түскен. Төтенше жағдай орнына үшінші өрт сөндіру бөлімінің мамандары жеткенде осы жердегі қоймалардың бірі жанып жатты. Тілсіз жаумен өрт сөндірушілер бір сағат бойы тынымсыз арпалысты. Лапылдап жанған отты ауыздықтау үшін бірінші және төртінші өрт сөндіру бөлімдерінен қосымша күш шақырылды. Кейін белгілі болғанындай, алдымен қойма аумағында жатқан битум жанған. Балқып төңірекке жайылған ол қойманы да шарпиды.

 Вячеслав Шилов:
-Біз қою қара түтінді көрдік. Бұл жерде битум лапылдап жанып жатты. Қойманың аумағы түгел отқа оранды.

Қазір өрттің қайдан шыққаны анықталып жатыр.

  Жанарбек Ахметов,  өрт сөндіру кезекші қызметі жетекшісінің орынбасары:
Осы жердегі күзетшілердің айтуынша, қойманың сыртындағы қамыс жанған. Жел көтерілген соң өрт қойманың аумағында жатқан битумға тиген. Содан от ғимаратқа ауысқан.

Тілсіз жау 19:36 -да толығымен ауыздықталды. Өрт сөндірушілер оттың таралуына жол бермей, осы жердегі екінші қойманы сақтап қалды. Жалын екінші қосалқы ғимараттың шатырын ғана шарпып үлгерді. Қазірде өртеніп кеткен қойманың ішінде не болғаны және шығын көлемі анықталу үстінде.

 

 Вячеслав Шилов:
-Біз қою қара түтінді көрдік. Бұл жерде битум лапылдап жанып жатты. Қойманың аумағы түгел отқа оранды.

Қазір өрттің қайдан шыққаны анықталып жатыр.

  

Айымгүл Әбілева