Мәдениет

Мерейтойға – сыйлық

 

 

 
Флейта «Пиккало» деп аталатын үрлемелі аспаптың құны 2000 доллар. Бұл филармонияға алынған аспаптардың ішіндегі ең арзаны. Жалпы соңғы жеткізілген 6 музыка құралының құны 10 млн теңге. Тағы 30 аспапты қазір германдық шеберлер  өңдеп жатыр. Айта кету керек, аспаптардың бәрі қолдан жасалған.

  Наталья Пульникова, СҚО Мәдениет басқармасының бөлім бастығы:
Қазірде ұжымдық өнер бірлестіктеріне өте көп көңіл бөлінуде. Облыс әкімінің қолдауымен  филармонияға берілген осынша қаржы үлкен сый болды. Мұндай аспаптар әр музыкант үшін арман. Елімізде олардың саны саусақпен санарлық қана.

Облыстық оркестр қазір Ата заңымыздың күніне қызу дайындалып жатыр. Ал желтоқсан айында олар өздерінің мерейтойларын атап өтпек. Ал басты әрі қажет тарту олардың қолдарына тиіп үлгерді. Енді бұл аспаптар бірнеше өнер  ұжымының  қажетіне жарайды.

  Қайырлы Ғафуров,  «Есіл» қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі:
Біздің оркестрімізге флейта мен гобой аспабын аламыз. Флейта сыбызғының өңделген заманға сай түрі. Оркестрдің дыбыс бояуы әсерлі болады деген ойдамын.

Филармонияның шығармашылық ұжымдарының қатары жақында толығатын болады. Бұл жолы балет труппасының тұсауы кесілмек.

  Қайырлы Ғафуров – «Есіл» қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі:
Біздің филармониямызға тағы 10 млн бөлінді. Бұған тағы ұжым құрылып, жаңа аспаптар мен костюмдар тігіледі. Ол Конституцияның 15 жылдығында халыққа көрсетіледі.

 

 Жаңа аспаптар әзірге біздің ауа райымызға бейімделіп жатыр дейді өнерпаздар. Себебі Африканың қызыл ағашы суыққа төзімділігімен ерекшеленбейді.

 

Кәусар Аяпбергенқызы