Құқық қорғау органдары

«Жасыл» керуен – полицейлердің қорғауында

Елбасының өткен жылғы ұсынысынан кейін жол полицейлері жеміс-жидек пен көкөніс тасымалдайтын жүк көліктерін облыстан облысқа шығарып салуды қолға алды. Президенттің бастамасы өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Солтүстікқазақстандық жол сақшылары көкөніс тиелген жүк машиналарын   “Келлеровка” бақылау бекетінде қарсы алады. Осылайша, жүк Петропавл қаласының орталық базарларына жеткізілгенше ерекше қорғауда болады.

  Ақпан Дүкетбаев,  СҚО ІІД ЖПБ бастығы:
-Патрульдік экипаждар жүк машиналарын облыс шекарасында қарсы алады. Содан кейін олар шамшырақтарын жағып трасса бойымен бірге жүреді. Бұл шара жолдағы келеңсіздіктер мен апаттарды болдырмауға септеседі. Биыл біз 20 керуенді шығарып салдық.

Полиция қызметкерлері Ресейге көкөніс пен жеміс тасымалдаушы транзиттік көліктерді де бақылауға алады. Көрші елге жол тартқан машиналар облысымыздың барлық аумағында алаңсыз жүре алады.

  Ақпан Дүкетбаев,  СҚО ІІД ЖПБ бастығы:
-Патрульдік экипаждар жүк машиналарын облыс шекарасында қарсы алады. Содан кейін олар шамшырақтарын жағып трасса бойымен бірге жүреді. Бұл шара жолдағы келеңсіздіктер мен апаттарды болдырмауға септеседі. Биыл біз 20 керуенді шығарып салдық.

Полиция қызметкерлері Ресейге көкөніс пен жеміс тасымалдаушы транзиттік көліктерді де бақылауға алады.

Жүргізушілер:
 -Бұрын жолға шыққымыз келмейтін, ал қазір жанымыз жай тапты.
 -Ереже бұзушылық жоқ. ГАИ қызметкерлерінің тарапынан үлкен тірек сеземіз.

Игі бастамаға “Нұр Отан” ХДП өкілдері де тартылды. Бірлескен шара жылдың соңына дейін жалғасатын болады.

Гүлден Сәрсенбаева