Әр түрлі

Владимир Кардашовпен қоштасу

 

 

 

 

Владимир Максимович Кардашов бар саналы ғұмырын өнер жолына арнады. М.И. Глинка атындағы мемлекеттік консерваторияны тәмамдаған ол 1965 жылдан еңбек жолын бастайды. 1971 жылға дейін Петропавлдағы музыка училищесінде оқытушы қызметін атқарды. Кейін сол білім ошағына 1999 жылға дейін жетекшілік етті.

Қуандық Қасымов,  С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры:
-Ол училищені басқарып жүргенде соның жанынан хор ашты. Қазіргі хор жаңартылған. Сол кезде гастрольдік сапарлармен Алматыға, түрлі фестивальдарға барды. Жалпы ол өте мәдениетті адам.

Владимир Максимович  1997 жылы училищеге басшылық ете жүріп, дарынды балаларға арналған мектеп ашты. 1969-94 жылдар аралығында өзі құрған камералық хорға жетекшілік етті.

  Людмила Демиденко:
-Ол хор ұжымын 50 жылға жуық басқарды. Облыстағы хор ісінің бәрі сол кісінің есімімен байланысты. Енді алда осы ұжымға сол азаматтың атын берсе екен дейміз.

Құрметті азаматын соңғы сапарға аттандыруға келген қалың жұрттың көздері жасқа толы, ал көңілдегі тілектері бір.

Қуандық Қасымов, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры:
-Топырағы торқа болсын, үлкен азамат еді. Есімізде сақтаймыз.


Кәусар Аяпбергенқызы