“Қызылжар” – “Болат” тең түсті

Спорт

16:21 9 Тамыз 2010

Бірден допты ұршықтай иіріп әкеткен қонақтар ойынның басынан есеп ашты. Алғашқы тайм соңына дейін есеп 2-0-ге жетті. Кездесудің екінші бөлімінде ғана баптарына енген алаң иелері қарымта шабуылдарға көшті. Десе де доп қарсыластың қақпасына дарымай қойды. «Болаттың» аяқ доп шеберлері қатарынан екі рет өрескел ереже бұзып, қызылжарлықтар 11 метрлік айып доптарын сәтті соға білді. Сөйтіп,  есеп теңескен еді. Көп кешікпей Теміртау қаласының ойыншылары жергілікті қақпашыны тағы қапыда қалдырып, алға шығып кетті. Кездесудың соңында қарсыластың қорғанысын бұзып өткен жерлестеріміз еселерін қайтара алды. Қорытынды есеп 3-3 Бұндай нәтижеден кейін “Қызылжар” ФК жарыс кестесінің 11 орнына тұрақтады. Жергілікті алаңдағы келесі ойын тамыздың 25-сінде Ақтаудың “Каспийімен” өтеді
 

Жеңіс Ермұқанов

Бұдан әрі оқыңыз

Ел чемпионатында өнер көрсеткен зілтеміршілер Петропавлға оралды
«Qyzyljar» ФК-ның биылғы бюджеті 1 млрд 350 млн теңгені құрайды
Жергілікті хокейшілер жеңіліске ұшырады
“Qulager” қарымта кездесуде ұтылып қалды
Петропавлда 120-ға жуық жеткіншек шорт-трекпен айналысады
“Qyzyljar” ФК Украинаның 2 командасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді
“Құлагер” ХК тағы да жеңіліс тапты
“Qyzyljar М” ФК жаңа маусымға дайындалуда
“Qulager” ХК ағымдағы жылдағы алғашқы ойында жеңіліс тапты
Солтүстікқазақстандық дзюдошы ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды
«Qyzyljar» ФК жаңа маусымға дайындықты бастады
Хоккейшілеріміз қатарынан жетінші рет жеңілді