Балалар

Еріктілер конгресі

 Қазақстан волонтерларының конгресі – 2011 жылғы Азия ойындарына дайындық шараларының бірі. Үш күн қатарынан өткізілген жиының бағдарламасы ауқымды. Оқыту семинарлары, дебат турнирлері мен тренингтер жастарды өздерінің көзқарасын еркін білдіруге үйретті. Жас болса да, бас болып үйренген азаматтар Азиаданы өткізуге қатысты салиқалы ойларымен бөлісті.

  Закиржан Мамлютов, жастар ақпараттық-талдау  орталығының жетекшісі:
-Біз осындай кездесулердің арқасында жастармен өз тәжірбиемізбен бөлісеміз. Алдағы мақсатымыз -белсенді жастарды Астана, Алматы қалаларында өтетін Азиада ойындарына тарту. Әзірге республика көлемінде 800 волонтер олимпиадалық шараларды ұйымдастыруға көмектесуге ниет танытып отыр.

Конгреске 40-тан астам волонтер жиналған. Белсенділердің арасында басқа елдерден келген қонақтар да бар. Арғын Кентбеков  – қаласының жастар волонтерлық орталығының мүшесі.  Ол солтүстікқазақстандықтармен тәжірибе алмаспақшы.

Арғын Кентбеков, волонтер,Қарағанды қаласы:
Алғашқы мақсатымыз жастармен танысу, екіншіден жастар саясатын әрі қарай жандандыра түсу.

Жер-жерден жиналған қонақтар өз аймағындағы волонтерлық орталықтардың жұмыстарымен таныстырды. Пайдалы істерден кейін кездесу ойын-сауық, спорттық шаралармен жалғасты. 

  Закиржан Мамлютов, жастар ақпараттық-талдау  орталығының жетекшісі:
-Біз осындай кездесулердің арқасында жастармен өз тәжірбиемізбен бөлісеміз. Алдағы мақсатымыз -белсенді жастарды Астана, Алматы қалаларында өтетін Азиада ойындарына тарту. Әзірге республика көлемінде 800 волонтер олимпиадалық шараларды ұйымдастыруға көмектесуге ниет танытып отыр.

 

Гүлден Сәрсенбаева