Спорт

Жаңа ойын алаңындағы алғашқы кездесу

 

 

Ойынның алғашқы минутынан-ақ қонақтар допты бермеуге тырысты. Алайда жергілікті футболшылар қарсыластарының алдын орап, допты алып қойды. Тек бұл әрекеттері сәтсіз аяқталды. Жерлестеріміз допты өз қақпасына байқаусыздан енгізіп алып, қарсыластарына оңай олжа жасады. Дегенмен жарыс барған сайын қыза түсті. Жергілікті футболшының  сәтпаевтықтардың қақпасына бағыттамақ болған добын «Қазақмыс» мүшесі Гейсар Алекперзаде қағып алып, “Қызылжардың” қақпасына енгізді, сөйтіп, қонақтардың ұпайы еселене түсті. Қалай болғанда да, біздің құрама мүшелері де тайталасып бақты.  Бір мезетте Әділ Мұсабаев допты аяғымен ойнатып апарып, қарсылас қақпаның жоғары бұрышына кіргізді. Тек бұл доп  біздің жерлестеріміздің жағдайын оңалтпады. Жарыс қорытындысы бойынша қызылжарлықтар 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

 Юрий Чухлеба, “Қызылжар” ФК бас жаттықтырушысы:
-Біздің «Қызылжар» ФК барын салып ойнады. Десек те  қарсыластарымыздың командалық шеберлігі жергілікті спортшылардан асып түсті. Келесі құрамамен өтетін жарыс біздің пайдамыз үшін шешіледі деген үміттеміз.

 Жанкүйерлер сүйікті құрамасының сәтсіз ойындарына қарамастан үміттерін үзе қоймаған. Үйде отырып футболды тамашалайтындардың арасында петропавлдықтар І орында. Қазақстан футбол федерациясының интернет-сайтының ақпараты бойынша 8 кездесуді 18 мың футбол сүйер қауым бақылаған. “Қарасай”стадионындағы келесі кездесу тамыздың 8-і өтеді. “Қызылжар” ФК енді Теміртаудың “Болат” құрамасын қабылдайды.  
 

Гүлден Сәрсенбаева