ТЖ

Тамыздың ыстығында жағажайда жұрт көп

 

 

 

 

 

Күн сайын 12 сағат бойы жағажайда демалушыларды құтқарушылар бақылайды.   Күнге күйіп, суға жүзгісі келетіндердің қатары әлі  қалың. Ал Есіл өзеніндегі қалалық жағажайда демалушылардың қауіпсіздігі үшін не бары 4 құтқарушы жауапты.

 

Виктор Держанский, СҚО ТЖД суда құтқарушы бас маманы:

-Бұл жұмыста ең қиыны – күнге шыдап тұру. Шекені қыздыратын ыстықта халықтың үстінен бақылау аса ауыр.

 

Құтқарушылардың айтуларынша, биыл суға кетіп қаза тапқандар саны  артып отыр. Биыл 39 адам суға батқан. Бұл былтырғыдан 3 адамға артық. Сондықтан құтқарушылардың материалдық жағдайы нығайтылған: компрессор, құтқару жилеті – бәрі де сақадай сай. Суға батқан адамды құтқару, алғашқы жедел жәрдем көрсету жөніндегі жаттығулар да жағажайда демалушылар арасында жиі өткізіліп тұрады.    Есіл өзені бойындағы суға түсуге рұқсат етілмеген орындар да  бақылауға алынған.  Мәселен, Ойқала  ауданындағы жағалауда суға түсуге болмайтынына қарамастан демалыс күндері жұрт көп жиналады. Ал мұнда құтқарушылар тобы жұмыс істемейді, демалушыларға ешқандай жағдай жасалмаған, айнала шашылып жатқан қоқыс. Дегенмен, демалушылар оған назар аударып жатқан жоқ.

 

Демалушылар:

-Мен малту білемін, сондықтан қорықпаймын

-Күнде алысқа бара бермейміз ғой, жақын болған соң осында келеміз.

 

Гүлден Сәрсенбаева