Денсаулық сақтау

Кардиоорталықтағы жаңа жабдықтар



 

Кардиология орталығының диагностика бөлімшесінің мүмкіндігі кеңейді. Мұндағы аурулар бүгін төртінші күн жаңа заманауи құрылғымен тексерілуде. Құны 16 млн теңгені құрайтын израильдық «VIVID S5» аппаратының көмегімен бұрын дертін анықтау қиын болған жүректегі ұсақ тамырларды, қанның ұйыған тұстарын көру мүмкін болып отыр.

Бейбіт Мұстафина, СҚО «Кардиология орталығының» бас дәрігері:
-Біздің аурухана жүрек қана емес,  қан тамырлары ауруларын да  қарайды. Тамыр хирургы бізде ғана бар. Сондықтан инсульт, параличтарді анықтап, аурудың алдын аламыз. Жүрекке біз шульт салып жатырмыз, соларды мойынға да салуға болады. Соған көмектеседі.

Бұған дейін ультрадыбыстық тексеріс «Medison» құрылғысы арқылы жасалатын. Алайда 2006  жылы шыққан құрылғының бірқатар функциялары жеткіліксіз болған. Енді жаңа құрылғы бұл ретте бірқатар мүмкіндіктер беріп отыр. Жаңа сандық аппарат күніне 30-35 адамды мұқият тексеріп, нақты диагноз қояды.

Сергей Череда, тамыр жүйелерінің хирургі:
– Артериялық тамырдың дұрыс жұмыс істемей тұрғанын уақытында анықтасақ, біз инсульт, инфаркты болдырмай, оның алдын аламыз. Ал төменгі тамырлардың ақауларын дер кезінде көру кей дене мүшелерін ампутациядан аман алып қалуға мүмкіндік береді.

Күрделі ақауларды дер кезінде анықтауға жол ашқан заманауи құрылғы мемлекеттік тапсырыс бойынша алынды. Біздің облысымызда ол әзірге жалғыз.

 

Кәусар Аяпбергенқызы