Құқық қорғау органдары

ІІД – кезекті брифинг

 

 

 

  

Баспасөз мәслихатында алдымен жол сақшылары ұйымдастырған рейдтік шараның қорытындысы шығарылды. Жол апаттары мен ереже бұзушылықтың алдын алу шарасы негізінен облыс орталығы мен демалыс орындарына бағытталды. Жол полициясының бар күші жұмылдырылған акция өңіріміздің ауданаралық тас жолдарында да жалғасын тапты. Бұл бағыттардағы патрульге жеке батальонның 4 экипажы жауапты болды.

  Сергей Погосский, СҚО ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы:
-Жол полицейлері рейдпен қатар Интернационал мен Тоқсан би көшелерінің қиылысында тағы бір акция өткізді. Инспекторлар жедел басқару орталығынан келіп түскен ақпаратпен ереже бұзып, сол ауданға бағыт алған жүргізушілерді тоқтатып отырды. Бұл шараға нұротандықтар да атсалысты. Заңға бағынғысы келмегендерге хаттама толтырылып, жол апаттарының зардабы жайында үнпарақтар таратты.

Жалпы шара барысында 249 заң бұзушылық тіркелді. Оның тоғыз фактісі рөлге мас күйінде отыруға қатысты. Брифингтің екінші бөлімі бөтеннің мүлкін қолды ету, тонаушылыққа қатысты болды.

 Данияр Қасымов, СҚО ІІД КПБ бастығы:

 -Қарақшылық шабуыл фактілері 41 пайызға кеміп, ашылуы 96,7 пайызға дейін көтерілді. Соттың қарауына 29 іс жіберілді. Тонау қылмыстары да 30 пайызға азайды.

Алайда ұялы телефондарды қолды етумен қатар олар арқылы алаяқтық жасау фактілері 8 пайызға артқан.

 

Жеңіс Ермұқанов