Қоғам

Жемқорлықтың алдын алу керек

 

 

 

 

 

Облыста жүзеге асып жатқан индустриялық жобалар, кедендік одақ, алтын сапа байқауы мәселелерін талқыға салған соң, Астанадан келген мейман – техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғабит Мұхамбетов – маңыздылығы еш кем емес, сыбайлас жемқорлық жайына көшті.

 Ғабит Мұхамбетов, ҚР ИЖТМ техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы:
-Техникалық реттеу және метрология комитетінің екінші жартыжылдықтағы жұмыс жоспарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылған. Осы орайда 1 ай көлемінде барлық өңірлерде дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізілуде. Комитеттің қызметін неғұрлым мөлдір етіп, облыстардағы департаменттердің жұмысын бақылау үшін колл-орталық іске кірісті.
 

Бір қуантарлығы – комитет бойынша бүгінге дейін бір де бір сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелмеген екен. Облыстағы жағдай да тұрақты. Бұны қаржы полицейлері де растап отыр.

 Ғизат Әбдірахманов, СҚО бойынша СЖЭҚҚК департменті бастығының орынбасары:
-Облыста департамент қызметкерлерінің бір де бірі сыбайлас жемқорлық, болмаса тәртіптік іс бойынша жауапкершілікке тартылған жоқ. Бұл департаменттегі алдын алу жұмыстарының нәтижесін көрсетеді. Тағы бір ескертетініміз, бүгінде 5-10 мың теңге пара үшін 7 жылға бас бостандғынан айыру тенденциясы қалыптасып отыр.
Сондықтан заңсыз әрекетке бармас бұрын ойланған жөн.
 

Кәсіпкерлік нысандарына мемлекеттік бақылау жүргізетін департамент қызметкерлері қайта қаржы полицейлерімен әріптестік байланыс орнатыпты. Бірқатар тексерістер қазіргі уақытта облыстық, қалалық, көлік прокуратураларымен де бірлесіп ұйымдастырылады. Ендігі кезекте лицензия жөніндегі арнайы шешім шығаратын комиссия құрамына да билік партиясының өкілдері кірмек. Жемқорлықтың алдын алу бағытында комитет төрағасының шешімімен сертификат беру құзыреті тек департамент жетекшісіне тиіп отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта техникалық реттеу және метрология комитетінің басшылары «Нұр Отан» партиясы ғимаратында ай сайын тұрғындарды қабылдап, халық алдында есеп береді.

 

  Гүлмира Шоқтыбаева