Денсаулық сақтау

Мүгедектерге көмек

 

 

 

 

Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Морозовтың құлағы нашар естиді. Былтыр қарияға есту аппараты берілген болатын. Содан кейін қарияның өмірі әлдеқайда жеңілдеп қалды. Биыл ардагерге ұялы телефон тапсырылды. Енді Николай Ефимович жақындарына сәлемін шағын хабарламалар арқылы жөнелте алады.

  Николай Морозов, ҰОС ардагері:
– Аппараттар мен үшін жаңалық. Сондықтан мұндағы мамандардан қолдану тәсілдерін үйреніп алдым. Бұл жабдықтар менің өмірімді әлдеқайда жеңілдетеді.

Милена Новиковаға осы жылдың басында телефакс берілген болатын. Ал бүгін жас қыз көпфункциялы жүйеге ие болды.

  Татьяна Новикова, анасы:
 – Саңырау балаларға бұл аппараттар өте қажет. Мұндай құралдарды сатып алу
ды біздің қалтамыз көтере бермейді. Мемлекеттің қамқорлығына алғысымыз шексіз.

Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың білім деңгейін және өмірін жақсарту үшін мұнда оларға сурдо-тифло-техникалық жабдықтар таратылады. Бұл қондырғылардың барлығы облыстық бюджет есебінен сатып алынады.

Анастасия Еленич, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы:
– Біз есту қабілеті нашар адамдарды ұялы телефондар мен есту аппараттарымен, соқырларды плеерл
ер, диктофондар мен арнайы қолсағаттармен, тағы да басқа мүгедектерді көпфункциялы жүйемен, таяқтармен қамтамыз етіп жүрміз. Осы жылы осындай 399   қондырғы таратылмақ.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары техникалық қосалқы жабдықтарды күніне 30 шақты мүгедекке таратады.

 

Жасын Біркенов