Қоғам

Әлеуметтік жағынан аз қорғалу жемқорлыққа жол ашады

 

 

 

 

Жемқорлық бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі және ол жедел шешімді қажет етеді. Қылмыстық атқару жүйесінің өкілдері онымен үздіксіз күресіп келеді. Нәтиже де жоқ емес. Түзету мекемесінде қызмет етуші азаматтардың арасында сотталғандарға қатысты заң бұзушылықтар болып тұрғанымен, жемқорлық фактісі биыл мүлде тіркелмеген.

Өмір Нұғыманов, ЕС 164-3 түзету мекемесіндегі өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету тобының жедел уәкілі:
-Қылмыстық атқарушы қызмет өкілдері үшін қазір пәтер алу мәселесі қиын, жалақы төмен. Осы себеп болады.

Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері әлеуметтік жағынан аз қамтылған. Жиында сөз болған негізгі мәселенің бірі осы. Баспананың жоқтығы, еңбекақының аздығы  адамдарды пара алуға итермелейді делінді. Осыған қатысты ардагерлер кеңесі өз ұсыныстарын айтты.

 Ғалымжан Жексембинов,  ҚТЖ департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Қызметкерлердің еңбекақысын көтеру керек, қазіргі еңбекақы күнкөріске жетпейді

Осындай отырыстарды тағы өткізу жоспарланған.

 

Кәусар Аяпбергенқызы